Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетаралық танымдық сайыс өтті

Университетаралық танымдық сайыс өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінде өткен ашық есік күні аясында «Экология» кафедрасының оқытушылары Г.У.Койшыгулова, Г.Қ.Диярова, С.М.Тажекенованың және «Экология» мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Экологиялық қауіпсіздік – жарқын болашақтың кепілі» атты университетаралық танымдық сайыс өтті.

Танымдық сайыстың мақсаты – экологиялық білім пен тәрбиенің, экологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығын көрсету, студенттердің шығармашылық және жан-жақты ойлау қабілеттілігін арттыру, танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, адамгершілік пен патриоттық қасиеттерін дамыту. Аталған сайысқа М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерінен құрылған «Денсаулық сақшылары» командасы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті «Экология» мамандығының студенттерінен құрылған «ЭкоГидАқтөбе» командасы, университеттің «Экология» мамандығынан құрылған «Аспект» және «Defenders» командалары қатысты. Сайыс 6 кезеңнен (Таныстыру, Елтану сайысы, Сандар сайысы, Викторина, Бейнеролик сайысы, Капитандар сайысы) тұрды.

Барлық сайысқа қатысушы студенттер сайыс барысында тапқырлықтарын, танымдық білімдерін, көшбасшылық қасиеттерін танытты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Defenders» командасы, екінші орынды «Денсаулық сақшылары», үшінші орынды «Аспект» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.