Понедельник, Май 6, 2024
Басты > pressa (Страница 152)

2022 жылы Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

Жоғары білім саласындағы жақсы жаңалықтар. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Бакалаврларда 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда 15%-ға артады. Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскенін естеріңізге саламыз (15% және 20%). Мемлекет жастарды жоғары білім алуға осылайша ынталандыруда. Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты

Көбірек

Ең үздік көрсеткіш

Жұбанов университетіндегі "Материалдардың радиациялық физикасы" орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев өзінің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін арттыру жолында ізденісін жалғастыруда. Бұл ретте физик ғалымның Хирш индексі 10-ға дейін көтерілді. Бұл барлық жоғары оқу орындары ғалымдарының арасындағы ең үздік көрсеткіш. Хирш индексі – ғылымиметриялық көрсеткіш. Хирш индексі - бұл ғылыми басылымдардың саны мен осы басылымдардың

Көбірек

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Басқарма мүшесі, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айнұр Сейітқан "EPSILON GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі химия зауытының өкілдерімен кездесті. Зауыт отандық химия өнімдерін өндірумен және өткізумен айналысады және EASY компаниясының тобына кіреді. Өндірістің негізгі бағыты мұнай мен суға арналған өнеркәсіптік химия болып табылады. Компания зауыты түрлі химиялық реагенттерді дайындау үшін барлық қажетті заманауи

Көбірек

Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары анықталды

"ЖОО үздік оқытушысы — 2021" республикалық байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Еліміздің 45 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы үздік атанды. Олардың ішінде Жұбанов университетінің 5 оқытушысы бар. Атап өтер болсақ,  Шынар Сағымбаева, Меруерт Ерекешева, Динара Рамазанова, Мейрамгүл Сайымова, Айгүлден Тоғайбаева. Жеңімпаздардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен 6 млн теңгені

Көбірек

Байларды тәркілеуге халық наразы болған

Қуғын-сүргін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын толық ақтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірумен қатар, егемендігіміздің тұғыры — тарихи жадыны жаңғырту жолында да бұл жұмыстардың маңызы зор. Бұл істің хронологиялық ауқымы кең, яғни 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылардың қудалану кезеңінен басталып,

Көбірек

Әнұран авторларымен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова «Жұбанов маршы» туындысының авторлары, ақын, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев пен ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірмен кездесті. Кездесуде «Жұбанов маршы» әнұранының бейнебаянын түсіру және өзге де алдағы жоспарларды талқылады. Айта кетейік, «Жұбанов маршы» әнұраны университеттің атаулы іс-шараларында орындалады. Әнұран университеттің 85 жылдығына

Көбірек

Президент бизнесті отандық ЖОО-ларды қамқорлыққа алуға үндеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті отандық жоғары оқу орындарын қамқорлыққа алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өндіріске салым салу, ғылым мен білімде сапалы жұмыс орындарын құру міндетті түрде өзін өзі ақтайды. Біз де сонымен айналысуымыз қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында. Осы орайда ҚР Президенті

Көбірек

Ғылыми семинарда бас қосты

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінде білім алушыларға арналған "Қазақстан, Ресей және шетел елдеріндегі ғылыми зерттеулердің мәселелері және оларды шешу жолдары" тақырыбында ғылыми онлайн-семинар өткізілді. Семинарды университеттің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Нұргүл Жантурина кіріспе сөзімен ашып, семинардың магистранттар мен докторанттар үшін маңыздылығы зор екенін ерекше  атап өтті.  Сөз соңында

Көбірек