Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > pressa (Страница 164)

Білім саласын цифрландыру мәселесі талқыланды

Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Бұл ретте бүгін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында педагогтар мен ғалымдар  Білім беру процесін цифрландыру

Көбірек

Жастарға жол сілтейтін Темірқазық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дəуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Елбасы Тəуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктері ретінде қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрғанымызды, сындарлы саясат жүргізіп, əлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырғанымызды, əлем картасында егемен еліміздің ойып

Көбірек

Магистрлік және PhD бағдарламалар менеджменті тақырыбы талқыланды

Бүгін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында педагогтар мен ғалымдар магистрлік және PhD бағдарламалар менеджменті тақырыбын талқылады. Назарбаев Университетінің Rita Kasa және Ali Ait Si Mhamed сарапшылары академиялық ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын, ғылыми журналдардағы жарияланымдардың ережелерін және зерттеу процесінде білім алушылар тап болуы мүмкін проблемаларды атап өтіп, зерттеу процесінің

Көбірек

Университеттің кітапхана қорына құнды оқулықтар қосылды

Бүгін университет Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі тарту еткен кітаптарды оқу орнының ғылыми кітапханасы қорына табыстады. Ол кітаптар -  Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі және Жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар монографиясы. Университет басшысы жоғары білім мен ғылымды дамытуға арналған бұл еңбектердің құндылығын атап өтті. Білім беру

Көбірек

Ақтөбе облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті сайланды

Ақтөбе облысы тоғызқұмалақ федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді. Облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-ректор – Ақтөбе облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып Лаура Қарабасова тағайындалды. Демалыс күндері облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің конференциясы өткізілді. Жиында тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысы федерациясының президентін сайлау, тоғызқұмалақтан Азия чемпионатын өткізу

Көбірек

Шетелдік студенттерді қайта қабылдау тәртібі

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-дің «Білім алушыларын қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі туралы» ережесіне сәйкес шетелдік ЖОО-дан магистратура және бакалавриат (жалпы орта білім беру базасында) бойынша білім алушылар өту емтиханын сәтті тапсырғаннан кейін қабылданады. Шығармашылық мамандықтар бойынша өту емтиханы Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-де бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 3-қосымшаға сәйкес шығармашылық нысанында өтеді.

Көбірек

Пікірсайыс турнирі өтуде

Осы демалыс күндері Жұбанов университетіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен белсенді жастар жиналды. Нұр-сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Түркістан, Тараз және Ақтөбе қалаларынан келген жүзге жуық студент шешендік өнерге деген құштарлығы мен сыни ойлау қабілетін ортаға салды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Zhubanov CUP IV" республикалық пікірсайыс турнирін Жұбанов университетінің "Заман біздікі" дебат клубы

Көбірек