Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > pressa (Страница 243)

Жұбанов университеті жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингіне енді

Ғаламдық «GreenMetric World University Ranking» рейтингінің зерттеу мәліметтері бойынша Жұбанов университеті әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында өз позициясын нығайтты. Рейтинг жоғары оқу орындарында «жасыл» технологиялар мен экологиялық саясатты дамытудың нақты көрінісін көрсетеді және оларды инфрақұрылымды дамыту, қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу, су мен энергияны ұтымды пайдалану, экологиялық таза көлікті пайдалану,

Көбірек

Математика бойынша PhD докторы атанды

Жұбанов университетінің басшылығы оқытушы Сандуғаш Мыңбаеваны математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтады. Университет түлегі Сандуғаш Мыңбаева алғашқылардың бірі болып ғылыми жұмысын 2019 жылы Жұбанов университетінде ашылған математика бойынша жаңа диссертациялық кеңесте қорғады. Диссертация физика-математика факультетінде  «Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеуі үшін сызықтық емес шеттік есептердің сапалық қасиеттері мен сандық шешімі» тақырыбында дайындалды. Айта кетейік,

Көбірек

Үмбетбай Уайдин атындағы кабинет ашылды

Жұбанов университетінде сатирик, жазушы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы мен халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Үмбетбай Уайдин атындағы кабинет ашылды. Үмбетбай Уәйдаұлы -  1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарының құрметті азаматы, Қазақстан сатириктерінің «Найзагер» қауымдастығы

Көбірек

Жұмыс берушілермен диалог

Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде жұмыс берушілермен онлайн-кездесу өтті. Кездесуде 2021-2025 оқу жылдарына арналған барлық модульдік білім беру бағдарламаларының презентациясы жасалды.Презентация барысында жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жарияланды. Кездесуге  факультет деканы, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын бағалау орталығының бас маманы, жұмыс берушілер мен  модульдік білім беру

Көбірек

Ақтөбе Қажығалиын еске алды

Руханият Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұханбетқалиұлы  тірі болғанда  8 желтоқсанда 78 жасқа толар еді. Дәл туған күнінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» залында «Қаламгер, қайраткер Қажығали» атты еске алу кеші өтті. Оқу орнының ректоры Бауыржан Ердембеков жазушының университетпен тығыз байланыста болғанын, филология факультетінде «Ақтөбе ақтангерлері» жобасы аясында Қажығали

Көбірек

Цифрландыру дәуіріндегі студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы талқыланды

Онлайн-кездесуге  Конфуций Институтының директоры, доцент Цзян Хончжун, Нукус қаласындағы Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Атабек Алымов, Кастамону университетінің (Түркия) РhD докторы Омир Фарух, IDEA Орталық Азияның Тәжікстандағы аймақтық үйлестірушісі   Нурали Зиеев, Қырғыз Республикасының Біріккен Жастар Ұйымының президенті  Асқар Шайкидинов, Қ.Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінің  Студенттер кеңесінің төрағасы Әділет

Көбірек

Үздік волонтерлар марапатталды

Ырғыздық жастар облыстағы ең үздік волонтерлық топ атанды. Олар өз ауылына 10 гектар аумаққа саябақ салуға ат салысқан. Игіліктің басы-қасы жүретін ерікті жастар  бүгін облыс әкімі атынан марапатқа ие болды. Ұшты-күйлі жоғалғандарды іздеп, суға батып, өртке оранғандарды тілсіз жаудан аман алып қалғандар. Бұл дәл қазір салтанатты шараның иелері -  яғни волонтерлар

Көбірек

Халықаралық виртуалды конференцияға қатысады

Жұбанов университеті "Білім беруді трансформациялау" VII Халықаралық виртуалды конференциясына қатысады. Іс-шара  ЖОО QS World University Rankings-пен бірлесіп ұйымдастырған Imagine Education Инновациялар апталығы аясында өтуде. Үш күн ішінде онлайн-алаңдарда зияткерлік білім беруге арналған 5G қолдайтын технологиялар; виртуалды және болашақты оқытудың экожүйесін құру және тағы да басқа тақырыптар талқыланатын болады. Конференцияға әлемге әйгілі ғалымдар

Көбірек

Ақтөбеде үздік волонтерлар марапатталды

Мемлекет басшысының ұсынысымен жарияланған Волонтер жылының ресми жабылуына орай Ақтөбеде «Жыл волонтеры – 2020» жастар сыйлығын табыстау шарасы өтті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қиын-қыстау сәтте көмек көрсетіп, жан-жақты қолдау білдірген еріктілерге алғыс білдірді. - Волонтерлар отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Қайырым мен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін анық ұғындырды. Бірлік бар

Көбірек