Пятница, Май 3, 2024
Басты > pressa (Страница 255)

Университет аумағы жаңа шыршалармен толықты

Ағаш отырғызу әрқашан жаңа бастаудың белгісі және бұл мәні ерекше салттардың бірі. Жас көшет – бұл жаңа өмір! Осындай жақсы ниетпен Жұбанов университеті мерейтойға орай шыршалар отырғызды. «Жасыл желекті Жұбанов»  жобасы университеттің сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаның таза болуына атсалысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылады. Бұл ретте білім ордасының мерейтойы аясында

Көбірек

Жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

Бүгін Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай оқу орнының тарихынан сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді. Кітап авторы университет оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Әбенов. Кітапта өңірдегі жетекші университеттің 85 жылдағы өзгерістері мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалады. Мұнда облыстық мұрағат материалдары негізінде алғашқы студенттер, оқытушылар, оқу ғимараттары туралы мәліметтер келтірілген. Жұбанов университеті 1966

Көбірек

Университет мерейтойында әлем ғалымдары бас қосты

Жұбанов университеттің 85 жылдығына орай «Жоғары білім беруді интернационалдандырудағы әлемдік тұжырымдамалар, үрдістер мен сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өткізілді. Конференцияда жоғары білім беруді, ғылымды интернационалдандырудағы тәжірибе мен мүмкіндіктер, шетелдік серіктестердің үздік тәжірибесі, халықаралық білім-ғылым жобаларының жоғары білім беруді интернационалдандырудағы рөлі талқыланды. Онлайн конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындары, Италия, Испания, Франция, Польша, Түркия,

Көбірек

Жаңа кабинеттер ашылды

Жұбанов университеті  – бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда өз даңғыл жолы бар, өз мектебі қалыптасқан іргелі жоғары оқу орындарының бірі.  Жұбанов университеті үшін айтулы күн. Олай деуіміздің өзіндік себебі де бар.  Өңіріміздегі қарашаңырақ оқу ордасы атанып кеткен Жұбанов университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. Мерейтойға орай аталған білім ордасында бірнеше бағыттағы 85

Көбірек

Білім министрлігі ұстаздарға видеоқұттықтау жолдауға үндеді

Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап, министрліктің Instagram парақшасына видеоқұттықтау жолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі - кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағының айқын көрсеткіші. Ұстаздарымызға білім беру мен тәрбиелеу ісіне қосқан өлшеусіз үлестері және кәсіпке деген адалдықтары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Құрметті оқырмандар!

Көбірек

Ақтөбеде ұлы ақын бейнеленген қос мурал бар

Жуырда Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріне Абай Құнанбайұлының портреті бейнеленген мурал салынды. Бұл — биылғы жылы ұлы ақынның 175 жылдығына орай салынған екінші мурал. Бұған дейін Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне ұлы ақынның бейнесі салынған мурал көпшілікті таңғалдырған болатын. Аталған екі муралдың авторы — ақтөбелік

Көбірек

Зейнеткер ұстаздарға құрмет

Жұбанов университеті зейнет жасына толып, еңбек демалысына шыққан ұстаздарды құттықтады. Қарттар күніне орай 300-ден астам ардагер университеттің кәсіподақ ұйымының сыйлықтарына ие болды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ольга Сұлтанғалиеваның айтуынша, университет ұжымы ардагерлерін құрмет тұтып, әрдайым еске алады. Оларды жыл сайын құттықтап, мерекелік кездесулерге шақырады. Ардагерлерге биыл тәтті сыйлықтар дайындалды. Сонымен қатар  Жұбанов университетінің білім

Көбірек