Республикалық волейболдан өткен турнирде Жұбанов университетінің командасы жүлделі орынға ие болды
4-8 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінен құралған ерлер құрама командалары арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Турнирге Алматы, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларынан келген құрама командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде Жұбанов университетінің командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар университет студенті Диас Әділханов "Үздік қорғаушы" номинациямен марапатталды.
Көбірек