Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 49)

Біліктілікті арттыру шарасы өтті

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Көпшілік алдында сөйлеу этикасы және медиабелсенділік» атты тілдік біліктілік арттыру іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін жетілдіру, тілдік әлеуетін көтеру және медиабелсенділігін одан

Көбірек

Өзара тәжірибе алмасты

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университет ғалымы Гүлшат Бахтиярова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне барып, бір апта көлемінде өзара тәжірибе алмасып келді. Осы аралықта профессор оқу орнының кампусымен танысып, педагогика және психология мамандықтарында оқитын студенттерге дәріс оқыды. Профессор-оқытушылармен өткен кездесуде педагогика саласындағы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламаларын талқылауға қатысты. Сонымен

Көбірек

Жұбанов университетінің ректоры жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар (HERE) құрамына кірді

Жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобы (Higher Education Reform Experts) Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жақында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстандағы ERASMUS + ұлттық кеңсесімен бірлесіп, Мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі Еуропалық Атқарушы агенттік 2023 жылғы жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар (HERE) құрамын

Көбірек

Архив қоры шетелден әкелінген құжаттармен толықты

Экспедиция Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві — Қазақстанның соңғы 100 жылдағы  әлеуметтік-экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени-саяси тарихына қатысты маңызды құжаттардың сақтаушысы. Архив қорында кешегі кеңес дәуірінен бастап Қазақстанның қалыптасып дамуы, Ақтөбе аймағының өткені мен бүгіні, ел үшін елеулі еңбек сіңірген белгілі тұлғалар туралы құжаттарда аз емес. Дегенмен 1917 жылғы төңкеріске дейінгі кезең мен кеңестік

Көбірек

Университет командасы бірінші орынды иеленді

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша Жұбанов университетінің командасы бірінші орынды иеленді. Айта кетейік, бұл аталған мамандықтың Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасындағы төртінші жеңісі. Енді олимпиада шарты бойынша келесі жылы «Арнайы педагогика» бойынша пәндік олимпиада Жұбанов университетінде өткізіледі. Команда құрамында төрт студент білімдерін сынады. Университет

Көбірек

Тіл жанашырлары бас қосты

Семинар Облыстық білім басқармасы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы бірлесіп, №40 орта мектепте «Мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік тіліміздің маңызы мен рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Келелі кеңеске халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымы өкілдері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласына жауапты

Көбірек

ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі белгілі болды

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтеді. Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша

Көбірек

Heriot-Watt университетінің өкілдері талапкерлердің ата-аналарымен кездесті

Оқушылар ағылшын тілінен емтихан тапсырып жатқанда, олардың ата-аналары Студенттер сарайында Heriot-Watt және Жұбанов университетінің өкілдерімен кездесті. Шотландиялық қонақтар Heriot-Watt жоғары оқу орнының тарихы мен түлектерінің болашағы туралы айтып берді. Өз кезегінде Жұбанов университетінің басқарма мүшелері де ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ең алдымен ата-аналарды неге біздің университетке шетелдік жоғары оқу орнының филиалын

Көбірек

Жұбанов университетінде Heriot-Watt оқуға түсу емтиханы өтті

Бүгін Жұбанов университеті базасындағы Heriot-Watt Шотландия университетінің филиалына түсуші талапкерлер ағылшын тілін білуге түсу емтиханын тапсырды. Таңертеңгі сағат 8-ден бастап Жұбанов университетінің техникалық факультетінің жанына оқушылар мен олардың ата-аналары жиналды. Емтихан басталар алдында Heriot-Watt университетінің өкілдері қатысушыларды қарсы алып, сәттілік тіледі. Heriot-Watt университетінің Халықаралық факультетінің атқарушы деканы Анна Фендж емтихан тапсырушы үміткерлермен

Көбірек