Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 505)

Ректор Б.Ердембеков Сакария университетінде семестрлік оқудағы Жұбанов университетінің студенттерімен кездесті

Түркия Республикасы Сакария университетіне сапары барысында университет ректоры Бауыржан Ердембеков университетімізден оқуға жіберілген студенттермен арнайы кездесу-жиынын өткізді. Қазіргі таңда Сакария университетінде 12 студентіміз халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша мамандықтарына сәйкес ағылшын және түрік тілдерінде білім алуда. Бауыржан Аманкелдіұлы студенттермен кездесу барысында: «Сіздер тек Ақтөбе қаласының  емес, барлық Қазақстанның имиджісіңдер. Біздің мақсатымыз

Көбірек

Бүгін Жұбанов университетінде арнайы жабдықталған екі кабинет ашылды

Қабақ Айтұлы мен Тілеу Айтұлы есімдеріне арналған кабинеттердің ашылуына тарихи тұлғалардың ұрпақтары, жергілікті әкімшілік басшылары, облыс зиялылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Кабинеттерді ашудағы мақсат – ұлт мүддесі жолында ерлік еткен тұлғалардың ерліктерін, өмірлік жолдарын ұрпақ санасына сіңіру, насихаттау. Кіріспе сөзді университет ректоры Б.А.Ердембеков алды: «Бүгін университетте Қабақ Айтұлы мен

Көбірек

Анаға хат

Ақтөбелік студенттер бүгін ерекше акция өткізді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 100-ге жуық студенті жиналып, алыстағы аналарына хат жазып, бейнесәлемдемелерін жолдады. "Анашым! Басыңыздағы ақ шаш пен мені уайымдап өткізген ұйқысыз түндеріңіз үшін кешіріңіз!" Студенттердің аналарына жазған хаттары осылай басталады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқып жатқан студенттердің жартысынан

Көбірек

Агроөнеркәсіп кешені: жан-жақты даму жолымен

Жолдау Президентіміз Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Қазақстан-2050» даму стратегиясында мақсат етіп қойған озық дамыған отыз елдің қатарына кіруге одан әрі қол жеткізу үшін 10 міндет қойды. Елбасының ауыл шаруашылығына қатысты айқындап берген міндеті «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі болып табылады. Аграрлық сектордың дамуы мемлекет

Көбірек

Ұлы ағылшын марафоны

Осындай тақырыпта филология факультеті «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдері педагогика, тарих, кәсіби-шығармашылық, экономика және құқық факультеттері арасында олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты - әрбір факультетте «Ағылшын тілі» пәні бойынша үздік студенттерді анықтау. Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер жабық типте лексика-грамматикалық сынақтан өтті. Екінші кезеңде оқылған мәтіннің

Көбірек

Бүгін «Алғыс айту» мерекесіне арналған алғашқы шара өтті

Бүгін Жұбанов университетінде 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен

Көбірек

Тарихшылар параолимпиадалық ойындардың қатысушысы Шахан Жолдасбаевпен кездесті

«География және туризм» кафедрасының оқытушысы Еркегул Семинардың ұйымдастыруымен тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері параолимпиадалық ойындардың қатысушы, кәсіпкер, ісін «Пандус-Окей» стартаптан бастаған, Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарына енген, Германияда суда жүзуден ашық чемпионатта қола жүлдегер атанған Шахан Жолдасбаевпен кездесті. Ақтөбелік Шахан Жолдасбаев жеткен жетіктіктеріне маңдай тер, адал еңбегімен қол жеткізген

Көбірек

Жұбанов университеті өкілдері Түркия сапарында ҚР елшілігінде болды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков бастаған делегация мүшелері Түркия Республикасы Анкара қаласындағы ресми іс-сапары аясында ҚР Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы мырзаның қабылдауында болды. Кездесуде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен елшілік арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бауыржан Аманкелдіұлы елшіліктің қабылдауына алғыс

Көбірек