Вторник, Май 7, 2024
Басты > Хабарландырулар (Страница 6)

Британдық Heriot-Watt University филиалына оқуға түсуші талапкерлердің назарына!

Ағылшын тілінің деңгейін анықтау емтиханы 29 сәуір күні, сағат 08:30-да Жұбанов университетінің Техникалық факультетінің оқу ғимаратында өтетіндігін хабарлаймыз. Біздің мекенжайымыз: Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263. Өзіңізбен бірге әкелуге қажетті заттар: - жеке куәлік; - қалам және қарындаш; - 500 мл пластик бөтелкедегі су (қажет болған жағдайда). Емтихан IELTS форматында және толықтай тегін! Sample test тіркелу кезінде белгіленген

Көбірек

Доктор Дэвид Марш онлайн-қонақ дәрісін өткізеді

Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына 11 сәуір күні сағат 15:00-де (Ақтөбе уақытымен) доктор Дэвид Марш "Табиғи тілдегі жасанды интеллект процессорлары (ChatGPT) арқылы университеттерде оқытудың жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктері" тақырыбында онлайн-қонақ дәрісін өткізеді. Дэвид Марш - Ұлыбританияның Корольдік өнер қоғамының, EduCluster Finland Консультативтік кеңесінің және Ювяскюля университеті тобының мүшесі, сондай-ақ Финляндияның

Көбірек

Университетте 11 сынып оқушыларына арналған«Zhubanov Олимпиадасы» өтеді

Жұбанов университетінде барлық 11 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өтеді. Олимпиада екі кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңде бейіндік пәндер бойынша тестілеу, екінші кезеңде практикалық тапсырмалар беріледі. Конкурста барлық облыс, аудан және қала мектептері қатыса алады. Олимпиадаға қатысу үшін төменде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, Google формасын толтыру жеткілікті — https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeBLzzAC7D2c-nJG0mvOK2F27OqyVs2RpE3fxq0KT4La0Lzqw/viewform?usp=sf_link Үздік танылған жеңімпаздар төмендегідей

Көбірек

Доктор Полин МакЛун онлайн-қонақ дәрісін өткізеді

Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына 4 сәуір күні Глазго Университетінің (Шотландия) Молекулалық биология ғылымдары факультетінің оқытушысы, доктор Полин МакЛун онлайн-қонақ дәрісін өткізеді. Доктор Полин МакЛунның ғылыми қызығушылығы тері ауруларын емдеудің жаңа әдістерін іздеу мақсатында табиғи өнімдердің биологиялық қасиеттерін зерттеуді қамтиды. Сонымен қатар, ол Орталық Азия аймағында ультракүлгін сәулеленудің әсерінен болатын

Көбірек

Университетте оқушыларға арналған жобалар байқауы өткізіледі

Университетте оқушыларға арналған «Өңірді дамыту драйверлері» атты ғылыми және кәсіпкерлік жобалар байқауы өткізіледі. Байқауға қатысу үшін 2023 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) секциялар бойынша көрсетілген мекенжайларға мынадай файлдарды жіберу қажет: 1) талаптарға сәйкес ресімделген презентация; 2) үлгі бойынша ресімделген өтінім (сауалнама);    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Конкурсқа

Көбірек

Оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 3 сәуірден қабылдана бастайды

Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 3-27 сәуір аралығында SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қабылданады. Ол үшін сізге қажет: SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу; ҚОНАҚ рөлінде тіркелу; СҚКО Темірқазыққа кіру; ҚА тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау таңдау; көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды

Көбірек

Білім алушылар назарына!

Академиялық күнтізбеге сәйкес ағымдағы оқу жылының 6-31 наурызы аралығында 2023-2024 оқу жылына арналған оқу модульдеріне білім алушылардың тіркелуі ұйымдастырылады. Модульдерге жазылу (тіркелу) куратор-эдвайзердің басшылығымен жүргізіледі. Куратор-эдвайзерлер білім алушыларға Элективті модульдер каталогымен таныстыру, таңдау пәндерінің сипатамаларын презентациялау, әдістемелік бағыт-бағдар беру жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыруы тиіс. Білім алушылар осы аралықта 2023-2024 оқу жылына

Көбірек

Жергілікті бюджет есебінен білім грантына құжат қабылдау басталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті төмендегі білім бағдарламалары  топтары бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің  бюджет есебінен  білім беру гранттарының босаған орындарына  конкурс жариялайды. Қажетті құжаттар деканаттар арқылы 2023 жылдың 9-13 қаңтар аралығында қабылданады. Қажетті  құжаттар:                                                           - университет ректорының атына жазылған  білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға  өтініш; - транскрипт; - жеке куәлік көшірмесі. Рет № Білім

Көбірек

Республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру гранттарының босаған орындарына конкурс жарияланды

Студенттер және магистранттар назарына!  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті төмендегі білім бағдарламалары  топтарының білім беру бағдарламалары  бойынша босаған республикалық бюджет есебінен мемлекеттік  білім беру гранттарының орындарына  конкурс жариялайды. Қажетті құжаттар деканат арқылы 2023 жылдың 9-13 қаңтар аралығында қабылданады. Қажетті  құжаттар:                                                                                       - университет ректорының атына жазылған  білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға  өтініш; -

Көбірек