Суббота, Май 4, 2024
Басты > БАҚ біз туралы (Страница 91)

Әке арманын ақтаған

1937 жылғы саяси қуғын-сүргінде НКВД-ның жандайшаптары «Жапония шпионы» деген нақақ жаламен ғалым-ұстаз Құдайберген Жұбановты алды-артына қаратпай, үйелмелі-сүйелмелі алты баласын зар жылатып, айдап әкетті. Есет сол кезде 8 жаста еді. Ғалымның жары, ақылды да парасатты Раушан ана бала-шағасын алып, туған жері, алтын бесігі Ақтөбе облысының Жұрын ауданына бір-ақ тартады. Балаларын мектепке орналастырып, өзі колхоздың қара жұмысына кіріседі. Осылайша олар 30-40

Көбірек

85 жылдық тарихтың бастауы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті - Батыс Қазақстандағы көп салалы іргелі жоғары оқу орны. Университет 85 жылдан бері Ақтөбе облысы, батыс, оңтүстік облыстары өндірісінің сұранысына сай мамандар даярлап келеді. Елбасы Н.Назарбаев Ақтөбе қаласына арнайы сапар кезінде университетте болып «... Сіздер білім алып жатқан университет білім үшін, тұтастай алғанда лингвистика

Көбірек

Ақтөбенің атын аспандатқандар

Әртүрлі салада өңіріміздің даңқын аспандатқан 4 жерлесіміз «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағына лайық деп танылды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың қырқыншы сессиясында белгілі болды. Сессия отырысында облыс әкімі аппараты басшысының «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы хабарламасы бірауыздан мақұлданып, шешім шығарылды. Төрт жерлесіміз «Ақтөбе облысының құрметті

Көбірек

Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

"РИКА-ТВ": Студенттердің шәкіртақысы жаңа жылдан бастап ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жастар жылының жабылуы және волонтер жылының ашылуы салтанатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25 пайызға көтерілмек. Бұл республика бойынша шамамен 130 мың студенттің шәкіртақысы өседі

Көбірек

Тамыры терең, құтты мекен

Ақтөбеде айтулы белес — қаланың 150 жылдығын қорытындылауға арналған «Тамыры терең, құтты мекен — Ақтөбе» атты конференция өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мәңгілік Ел» конференц-залында өткен жиында алдымен қала әкімі Мавр Абдуллин сөз сөйлеп, қаланың өткені мен бүгініне, Қазақстанның қуатты өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі ретінде дамып келе жатқанына

Көбірек

Қала туралы тың деректер арнайы жинақ болып шығады

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қорытындыланды. «Тамыры терең, құтты мекен Ақтөбе» атты конференцияға облыстың белгілі азаматтары, ардагерлер, тарихшы ғалымдар қатысып, қаламыздың бүгінгі келбеті мен  дамуы туралы тағылымды ойлар айтты. Қала әкімі Мавр Абдуллин демеушілік көмек көрсеткен азаматтарды «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттады. Батыс Қазақстанның ең ірі экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы

Көбірек

Елші университет басшылығымен кездесті

Күні кеше Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсик бастаған делегация Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесті. Екіжақты кездесу барысында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков оқу ордасының даму тарихы және жетістіктері туралы айтып берді. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті университеті – 85 жылдық тарихы бар

Көбірек

Ағартушы. Ғалым. Ұстаз

Үстіміздегі жыл басқалардан ерекше бағалауға тұрарлық қазақтың үш алып азаматының 80 жасқа толған жылы. Мұның өзіндік сыры бар секілді көрінеді маған. Оның себебін осыдан сексен жыл бұрын әлемде бұрқ ете қалған соғыс өртіне қарсылық деуге келетіндей. Адамдардың басына төнген қауіптен қорғану үшін, ұл бала туғанын аналардың ішкі түпсанасы мақұлдап, соғыс

Көбірек