Озат оқушылар оқу ордамызбен танысты
Бүгін университетіміздің тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық базасымен танысу, жоғары оқу орны, оның мамандықтары жайында кеңірек мәлімет алу мақсатында Ақтөбе облысының аудандық мектептері мен қала мектептерінен барлығы 115 11-сынып оқушылары келіп, оқу ордамызда экскурсия жасады. Оқушылар экскурсиясын «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығынан бастады. Орталық мамандары оқушыларды жұмыстарымен таныстырып, студенттерге қандай қызметтер көрсетілетіндігі жайында баяндады.
Көбірек