Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > pressa (Страница 246)

Шетелдік ғалымдар дәріс оқуда

Жұбанов университетінде әр оқу жылы сайын  түрлі іс-шаралар, ғылыми конференциялар, форумдар өтіп тұрады. Және студенттер үшін шетелден арнайы келіп, дәріс оқитын ғалымдар да бар. Мәселен, Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті, Ақпараттық технологиялар және робототехника инженерлік мектебінің автоматика және робототехника кафедрасының доценті Александр Филипас пен Климент Охридски атындағы София университетінің (Болгария) «Компьютерлік

Көбірек

Университет түлектері жаңа қызметке тағайындалды

Жұбанов университеті мен М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлегі Рүстем Исаев  Ақтөбе облыстық  денсаулық сақтау басқармасының  басшысы қызметіне тағайындалды. Рүстем Исаев еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімінің санитары қызметінен бастаған.  Әр жылдары  Ойыл аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Хромтау

Көбірек

Меценаттар марапатталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне биыл — 85 жыл. Мерейтойға арналған шара аясында университет ардагерлері мен меценаттарын марапаттауға арналған шара ұйымдастырылды. Алдымен аталған оқу орнының ректоры Бауыржан Ердембеков сөз алып, университет жетістіктері туралы айтты. Ақтөбеде 1935 жылы  ең алғаш жоғары білім беретін екі жылдық Ақтөбе мұғалімдер институты ашылып, жоғары оқу орнының іргесі қаланды.

Көбірек

Өз ісінің мамандары жүргізеді

Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультеті мен Ақтөбе облыстық полиция департаменті арасында жасалған меморандум аясында кәсіби студенттік клубының лектік және практикалық  сабақтарын өткізу туралы келсім шарт жасалды. Болашақ құқық қорғаушылар Ақтөбе облыстықполиция департаментінің  тергеушісі, полиция подполковнигі В.Абдулинаның қатысуымен өткен онлайн-кездесуге қатысты. Подполковник екінші және төртінші  курс студенттеріне «Тергеуші» мамандығының қыр-сыры туралы әңгімелеп,

Көбірек

Жұбанов университеті: Ақиық ақынның құметіне арналды

Жұбанов университетінде Ақтөбе өңірінен шыққан әйгілі тұлғаларды  насихаттау мақсатында «Ақтөбе ақтаңгерлері» деген жоба бастау алған болатын. Соның бір қадамы ретінде бүгін университет мерейтойы аясында  ақын Төлеген Айбергенов атындағы конференц-зал ашылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Салтанатты шараға Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергенова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары  Мейрамбек

Көбірек

Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

Екі айға созылған  "Сүйікті өлке объектив арқылы" атты облыстық фотобайқау  өз мәресіне жетті. Аталмыш байқауды Жұбанов университеті мен «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі,  Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі  ұйымдастырды. Фотобайқау оқушылардың, студенттердің, магистранттар мен оқытушылардың шығармашылық, танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыруға, эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған.  Байқау аясында Ақтөбе облысының әр өңірінен 35 өтінім келіп

Көбірек

Ғалымдардың әкімшілік жүктемесі

Министрліктің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ғалымдарға әкімшілік жүктемені төмендету, бюрократиялық процедураларды азайту және процесстерді автоматтандыру болып табылады. Ғалымдар артық рәсімдермен емес, тек ғылыммен айналысуы керек. Бұл үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілген. Енгізілген өзгерістер ғалымдардың әкімшілік ауыртпалығын едәуір азайтып, әдістемені анықтауда және ғылыми

Көбірек