Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жоғары колледж түлектеріне диплом табысталды

Жоғары колледж түлектеріне диплом табысталды

Жұбанов университетінің Жоғары колледж түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Биыл колледжді 234 түлек тәмамдап, олардың 49-ы үздік диплом иегері атанды.

Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Муханбеткалиев диплом алу адам өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі екенін атап өтіп, түлектерге сәттілік тіледі.

Жоғары колледж 2018 жылы құрылып, қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлап келеді.

Бүгін түлектер құқықтану, аударма ісі, дене тәрбиесі және спорт, шетел тілі мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы, бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарының технологиясы мамандықтары бойынша ресми құжаттарын қолына алды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.