Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Реформаларды жүзеге асыру — ортақ міндет

Реформаларды жүзеге асыру — ортақ міндет

Кеше Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әкімшілік-басқару және профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын тыңдап, онда айтылған міндеттер туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Жолдаудағы негізгі міндеттерге тоқталған университет ректоры Лаура Қарабасова реформалардың барлығы Жаңа Қазақстанның қалыптасуына кешенді әсер ететініне сенімді екенін жеткізді.

Оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы Президент тапсырмасын орындау ортақ міндет, ал ондағы білім сапасын көтеру, кадрларды даярлау, білім алушыларға жағдай жасау, жатақханамен қамту, жас мамандарды еңбекке орналастыру, т.б. мәселелерді орындауда бірлесе жұмыс жасау маңызды екендігін тілге тиек етті.

Оқытушылардың айтуынша, оқу орнында Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстары алда жалғасатын болады.

 

Д.АЙДАР

 

/aqtobegazeti.kz/