Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерін құттықтады

Университет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерін құттықтады

Жұбанов университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің бастамасымен мерекеге орай Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қызмет ететін әйел адамдарға құрмет көрсетілді.

Қаламыздың тазалығын сақтауда, кез келген ауа райына қарамастан адал еңбек етіп жүрген нәзікжандыларға студенттер ерекше тосын сый жасады. Алдымен қонақтарға кәсіби бет әрлеу мен шаш үлгісі жасалып, фототүсірілім ұйымдастырылды.

Түсірілімнен кейін университеттің «Денсаулық және салауаттылық» орталығының психолог мамандары тренинг өткізді. Психологтар барлық жағымсыз нәрселерден арылуға, өзін жақсы көруге және күн сайын қалай қуануға болатынын айтты. Сонымен қатар барлық тыңдаушыларға психолог мамандардан 10 тегін кеңес алу мүмкіндігі сыйға берілді.

Сондай-ақ, университеттің өнерлі жастары мерекелік концерт ұйымдастырып, меймандарға әсем ән, тамаша бимен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.