Четверг, Май 2, 2024
Басты > Білім > Жазғы мектеп қатысушылары жобаны сәтті аяқтады

Жазғы мектеп қатысушылары жобаны сәтті аяқтады

Бүгін «Жазғы мектеп» жобасының қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Жазғы мектепте университеттің 100-ден астам оқытушылары мен қызметкерлері  «Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбы аясында тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар бір-бірімен пікір алысып, жаңа идеяларды талқылап, ғылыми-зерттеу әдістерін жетілдірді.

Жобаның қатысушысы «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Асия Наренова университетте оқытушыларға жаңаша серпін беретін тың бастамалар қолға алынып жатқанын, осындай жобаларды қолдайтынын айтып өтті.

  • Өзара тәжірибе алмасып, жаңа дағдыларды игеруде мұндай жобалардың маңызы жоғары. Қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселелері бойынша, әсіресе ChatGPT-дің артықшылықтары, ғылыми зерттеудегі мүмкіндіктері туралы көптеген дағдыларды игердік. Бұл технoлoгияның көмегiмен oқудың тиiмдiлiгiн арттыру және студенттiң нәтижесiн жақ­сарту жолдарын, сoндай-ақ Сhat GPT-та жеке oқу материалын жасау мүмкіндіктерін меңгердік. Ұйымдастырушыларға, спикерлерге, университет басшылығына алғысымз шексіз,- дейді Асия Наренова.