Вторник, Май 7, 2024
Басты > Халықаралық байланыс (Страница 10)

Болашақ экономистер шетелдік ғалымның дәрістерін тыңдады

Экономика және құқық факультетінің студенттері Клайпеда университетінің (Литва) профессорынан дәріс алды.  Эрика Зуперкиене "Экономикалық зерттеулер әдіснамасы", "Бизнес этикасы" пәндері  бойынша онлайн-дәріс өткізді. Дәріс барысында білім алушылар экономикалық модельдеу және экономикалық шамалардың бір-біріне әсерін бағалау үшін белгілі арнайы бағдарламаларды қолдану, олардың қолжетімділігі туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, Клайпеда университетінің профессоры Жұбанов университетінің

Көбірек

Тілдік деңгейін көтерді

Қазіргі уақытта Жұбанов университетінің  ағылшын тілінің оқытушылары CELTA дайындық курсынан өтуде. Дайындық курсында филологтар төрт апта бойы өз шеберліктерін шыңдайды. Курсты аяқтағаннан кейін олар халықаралық деңгейдегі тілдік мектептердегі жалпы стандартқа сай сертификатты ала алады. CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults) – бұл ересектерге арналған ағылшын тілі оқытушысының біліктілігін растайтын,

Көбірек

Польшада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтілді

Қазіргі уақытта Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Жұбанов университеті студенттері басқа да жоғары оқу орындарының білім алушыларымен бірге «Қазақстан халықаралық аренада: мүмкіндіктері, болашағы, тәжірибесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел "Qazaq Eli" мәдени орталығы базасында өтті. Қазақстан тарихындағы маңызды

Көбірек

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылданады

Құрметті студенттер, магистранттар және факультет үйлестірушілері! Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті  2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарында оқу үшін халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында құжаттар қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды. 1 қарашаға дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің тізімі бар кафедралар мен факультеттер кеңесі хаттамаларының көшірмелерін ұсынуды

Көбірек

Шетел ғалымы дәріс береді

«Робототехникада программалау» пәні бойынша болашақ мамандар оқытудан өтеді. Дәрісті Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетінің доценті,  техника ғылымдарының кандидаты Александр Филипас физика-математика факультетінің студенттеріне онлайн өткізеді. Бұл Жұбанов  университеті мен Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Сонымен қатар, ресейлік ғалымның жетекшілігімен "Есептеу техникасы

Көбірек

Ресейлік ғалым ғылыми семинар өткізді

Жұбанов университетінің «Тарих және дінтану» кафедрасының шақыруымен танымал ресейлік тарихшы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры Кубышкин Александр Иванович ғылыми онлайн-семинар өткізді. Кубышкин Александр Иванович - АҚШ-тың жоғары білім бойынша сарапшысы, Фуллбрайт (1 996–1997, 2010–2011 жж.) және Фулбрайт-Кеннан (2003 ж.) стипендиаты, Фулбрайт және Фулбрайт-Кеннан бағдарламаларының басқарма мүшесі, «Қала және мантия. Азаматтық қоғам құрылымындағы

Көбірек

Уфада білім алып жатыр

Жұбанов университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдің белді жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастырып жатыр. Ағымдағы оқу жылынан бастап «Математика-физика» мамандығының 3-курс студенті Құралай Мұсағалиева мен «Информатика» мамандығының 2-курс студенті Ақжол Қыдырбаев Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік университетінде білімін жетілдіруде. -  «Математика және IT» факультеті білім сапасы бойынша жоғары деңгейде білім

Көбірек

Шетелдік ЖОО-ларда қазақ тілін оқыту орталықтары ашылды

Қазақстандық жоғары оқу орындары шетелде қазақ тілін оқыту орталықтарын ашып жатыр. Олар қазірдің өзінде Түркия, Иран, Польша, Оңтүстік Корея, Беларусь, Қытай және Өзбекстан сияқты елдерде жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz. Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында осындай тіл орталықтарының жұмыс істеуі шетелдік студенттердің қазақ тілін оқып, қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен танысуына

Көбірек

Планетарий шары студенттер танымын арттырды

Фесенков атындағы Астрофизика институтының физика-математика ғылымдарының кандидаты Виталий Ким Жұбанов университетінің студенттеріне дәріс оқыды. Физика-математика факультетінің студенттері Ақтөбе облыстық планетарийінде болып, Астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкерімен кездесу ұйымдастырды. Мұнда Виталий Ким Қазақстандағы астрономиялық зерттеулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облыстық планетарий базасында Жұбанов университетінің

Көбірек