Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 121)

Балалар қуанышқа бөленді

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты – балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Бүгін мерекеге орай кәсіподақ ұйымы Жұбанов университетінің қызметкерлері мен профессор-оқытушыларының балаларына ойын-сауыққа толы іс-шара ұйымдастырды. Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол

Көбірек

Референдум тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

Жұбанов  университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұжымы референдумның мақсаты мен міндетін талқылады. Еліміздегі ірі саяси бастаманың маңызын талқылауға арналған дөңгелек үстелде университеттің профессор-оқытушылар құрамы сөз сөйлеп, Ата заңның өзгеріс енгізілетін баптары жайлы пікір алмасты. Іс-шараға модераторлық еткен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Миров алдағы өзгерістер ел болашағын айқындайтын маңызды кезең екенін атап өтті. Дөңгелек

Көбірек

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Бүгін Жұбанов университетінде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров өз сөзінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру ісіндегі басты миссия – жастарды ерлік сабақтарында және отандастарымыздың патриотизмі үлгілерінде тәрбиелеу деп атап өтті. Жиынға арнайы

Көбірек

Бүгін — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Тарихтың ақтаңдақ беттерінде солақай саясаттың сызын тартқан қаншама жан өмірімен қоштасып, алаштың ардақтылары жазықсыз жапа шекті. Бүгін университет ұжымы сол зұлмат жылдардың құрбаны болған Құдайберген Жұбановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ғалымды еске алды. Жиынға университет ректоры Лаура Қарабасова, басқарма мүшелері мен құрылым басшылары, профессор-оқытушылар қатысты. Жиналғандар құрбан болған ата-бабамызды бір минут үнсіздікпен

Көбірек

1929-1931 жылдары қазақ даласында болған 372 көтерілісте 5551 адам сотталып, 883 адам атылған

Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүгінгі күні елімізде ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын толық ақтауға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.  Өткен тарихты болашақ ұрпаққа жеткізу, тарихтың ақтаңдақтарын қайта ақтару — біздің бүгінгі парызымыз. Осы орайда біз елімізде, оның ішінде Ақтөбе облысында болған көтерілістер, жазалаушы отрядтардың әрекеттері, халықтың аштық жылдарында бастан өткерген

Көбірек

24 тыңдаушы педагогикалық қайта даярлау курсын сәтті аяқтады

Жұбанов университетінің қосымша білім беру департаменті пост-дипломды педагогикалық білім беру – сертификациялық қайта даярлау курсының 9 білім беру бағыты бойынша курсты аяқтаған 24 тыңдаушыға сертификат табыс етті. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға алдағы еңбек жолында сәттілік тіледі. Аталған іс-шарада оқу орнының психологиялық қызмет орталығының психологы Анна

Көбірек

Бүгін – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Қазақстанда 20-ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға

Көбірек

Цифрландыру жобаларымен танысты

Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтө­беге келген сапарында өңірдегі цифр­ландыру жобасының қарқы­нымен танысты. Министр ең әуелі Арнаулы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орта­лығына келіп, жүргізушілік куә­лік алуға сынақ тапсырып жатқан ақтөбеліктермен пікірлесті. Б.Мусин цифрландыру жемқорлықты жоюдың бір тәсілі екендігін айта келіп, теориялық емтихан тапсырғанда да, көлік жүргізу сынағы

Көбірек

Жаңа Қазақстан және жастар

Референдумды қолдау жөніндегі облыстық штабтың мүшесі Айшуақ Дәрменұлы мен Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің аға оқытушысы Ақылбек Қонысов жастармен кездесіп, олардың референдумға қатысты сауалдарына жауап берді. «Жастар және Жаңа Қазақстан» тақырыбындағы іс-шара университет базасында өтті. – Студент қоғамдағы, елдегі елеулі өзгерістердің барлығынан тыс қалмауы керек. Біз осы мемлекетте тұрып жатырмыз, сондықтан елде болып

Көбірек