Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 59)

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Жұбанов университетінің  «Математика» кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты  Мадина Тлеубергенова «Математика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен беріледі. Айта кетейік, Мадина Тлеубергенова 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен оқу-

Көбірек

Жұбанов университетінің командасы Гран-при иегері атанды

Жұбанов университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттерінен құралған «ШАМ» командасы Астана қаласында өткен «Сейітов ізбасары» байқауында Гран-при иегері атанды. Байқау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасында өткізілді. Университеттің «ШАМ» командасына «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Төремұрат Бисембиев жетекшілік етті. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз!

Көбірек

Тиімді ынтымақтастықтың жаңа серпіні

Бүгін Конфуций Институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, Хоу Цзе мырза ҚХР Халықаралық қытай тілі білім беру қоры басқармасының басшысы Ян Вэй мырзаның атынан Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасоваға Конфуций Институтының сенім хатын табыстады. Сенім хат негізінде Жұбанов университеті Конфуций институтын басқару құқығына толық ие. Алдағы уақытта Синьцзян қаржы-экономикалық университетімен бірлесе Қазақстан

Көбірек

Қайта даярлау курсын сәтті аяқтаған тыңдаушылар мектепте жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады

Педагогикалық қайта даярлау курстары педагогикалық білімі жоқ, бірақ мектептерде жұмыс жасағысы келетін адамдарға арналған. Қайта даярлау курстарына тек жоғары білімі бар адамдар ғана жазыла алады. Айта кетейік, Жұбанов университетіндегі Қосымша білім беру департаменті осы бағытта жұмыс істейді. Департамент мамандарының айтуынша, мысалы белгілі бір мамандық бойынша ғылыми бағытта бітірген түлектер, қайта даярлау курсын

Көбірек

Абызға айналған адам

Сырттай қарағанда көпшілік жұрттан дараланып көрініп тұратын еңсегей бойлы, алып денелі, тас мүсіндей қашалған келбеті бірден көзге шалынатын осы бір адамның парасат-пайымы әманда тыңдаушысын таңдандырып, өзіне тартып тұратын. Ол үлкен ғалым, білгір философ, салмақты саясаткер, қоғам қайраткері еді. Оның сөзіне ел құлақ түріп, айтарын елеңдеп күтіп отыратын-ды. Осындай ерекше қасиеттерге ие болып,

Көбірек

Шетелдіктерге арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды

Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/ веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады. Жоғары білім беруді интернационалдандыру мақсатында бакалавриат, магистратура

Көбірек

Университет студенттері Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта жеңіске жетті

Жұбанов университетінің студенттері Тараз қаласында өткен Тоғызқұмалақтан юниорлармен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионатта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері Диас Жанбау бірінші орынды иеленсе, Алмас Тілегенов жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Айта кетейік, Диас Жанбауға Қырғызстанның Ыссықкөл қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама берілді. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Көбірек

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 3 сәуірде басталады

Жұбанов университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығына шетелдік жоғары оқу орындарына оқу үшін құжаттар қабылдау 3-17 сәуір аралығында жүргізіледі. Мемлекеттік грант бойынша оқитын 2,3 курс (бакалавриат) және 1 курс (магистратура) білім алушылары университет есебінен (бюджеттен тыс) 100 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оқу үлгерімі GPA 3,33-тен төмен болмауы

Көбірек

Университет студенті Қазақстан жастар құрама командасы құрамында әлемдік додада өнер көрсетті

Бокстан еліміздің жастар құрама командасы Черногорияның Будвада қаласында өткен «Адриатика інжу-маржаны» халықаралық турнирінен жеңіспен оралды. Әлемдік додада Қазақстан жастар құрама командасы жүлделі төртінші орынды иеленді. Команда құрамында Жұбанов университетінің студенті Дәулет Төлемісов бар. Дәулет Төлемісов университетте «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алады. Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) хабарлауынша, бұл турнир жастар

Көбірек