Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > pressa (Страница 222)

Бос лауазымдарға конкурс  жарияланады

"Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі бос лауазымдарға конкурс  жариялайды: Бас оқу ғимаратының администраторы №3 оқу ғимаратының администраторы; №6 оқу ғимаратының администраторы; №3 Студенттер Үйінің меңгерушісі   Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.   Қызметінің негізгі міндеті мен мақсаты:   Оқу ғимаратының  тиісті санитариялық жай-күйінің сақталуын

Көбірек

Асхат Аймағамбетов педагогтардың біліктілігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданғанын атады

Еліміздің жоғары оқу орындары педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Дарынды жастарды педагогикалық мамандыққа тарту мақсатында мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін тиісті жұмыс жалғастырылуда. Педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсуге қойылатын талаптар біртіндеп күшейтілуде. Осылай,

Көбірек

Оқушыларға қолдау

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері гуманитарлық колледждің педагогтарымен бірлесе отырып үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауды бастайды. Бұл туралы университеттің баспасөз бөлімі хабарлады.  Осы орайда 9-11 сынып оқушылары  мен студенттердің атқарған жұмысына бағытталған «Демалыс мектебі» жобасы іске қосылды. Жобаны Жұбанов университетіне қарасты «Зерек» балаларды дамыту орталығы дайындайды. Бүгінгі

Көбірек

Геноцидті мойындату — тарихи әділдікті талап ету!

Ашаршылық тағылымы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2020ж. мемлекеттік комиссия құрылып, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары басталып кетті. Елордадағы  басқосуда үлкен пікір алмасу барысында өзекті мәселелер қозғалды, кейін де пікір алмасу жалғасуда. Осыған орай кейбір мәселелерге назар аударуды жөн көрдік. Біріншіден, елордадағы ғалымдармен кездесуде ашаршылық тотаритарлық жүйенің өрескел қателіктерінен болды деген пікір қайта-қайта

Көбірек

Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады

Жасым 32-де, ұлтым – удмурт, анам – қазақ. Қазір әке-шешем Шұбарқұдықта тұрады, өзімнің отбасым бар. Темір ауданындағы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебін бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне дизайн мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны жақсы бітірдім. Диплом алған соң осы оқу орнында бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша

Көбірек

Нәзік жандар құрметке бөленді

Жұбанов университеті жыл сайынғы дәстүр бойынша 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін сән-салтанатпен қарсы алды. Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шарада  нәзік жандылар төрден орын алды. Мерекелік жиынды ашқан университет ректорының міндетін атқарушы, профессор  Рахым Бекназаров  нәзік жандардың іскерлік белсенділігі  жайлы айта келе, ізгі тілегін жеткізді. - Қымбатты ханымдар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі –

Көбірек

Білім ордасы жасыл университетке айналады

Жұбанов университеті студенттерінің «Жұбановшылар бастамалары» байқауында ұсынылған идеясы қаланың эко-белсенділерінің қызығушылығын тудырып, «Жасыл университет» ауқымды жобасын жалғастырады. Студенттік еріктілер ұйымының қатысушылары қоқыстарды бөлек жинау және Жұбанов университетінің оқу ғимараттарына арнайы жәшіктер орнату жобасын жасады. Бұл идея университеттің ең үздік әлеуметтік жобасы байқауында айтылды. «Актобе, дыши!» қауымдастығының жетекшісі Евгений Лазарчук пен Ақтөбедегі ECO

Көбірек

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауы

Жұбанов университеті  - «Физика» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық конкурсының II кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін базалық жоғары оқу орны болып белгіленді. Студенттер конкурстың  II кезеңіне қатысуға шақырылады. Конкурсқа қатысушылар университетішілік турдың қорытындысы бойынша ең үздік  жұмыстарды 2021 жылдың 26 ​​наурызына дейін жіберуі қажет. Конкурсқа

Көбірек

Маңызды кездесу

Бүгін Елбасы кітапханасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп, «Болашақ» президенттік стипендиясының білікті 30 түлегі» интерактив кездесуін өткізді. Жиын Елбасы кітапханасының «Ұлы дала тарландары» жобасы аясында ұйымдастырылды. 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімін жетілдіріп, түрлі секторда қызмет атқарып жүрген әйелдер қауымымен ауқымды кездесу өтті. Салтанатты жиында түлектер өзінің тәжірибесі

Көбірек