Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > pressa (Страница 171)

Бас ұстаз университет ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында ол Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесуге Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова арнайы қатысты. Оқу ордасында келген бас ұстазға Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова бас оқу ғимаратын аралатып, материалдық базасымен таныстырды. Онда алдымен университет ғимараттарының демонстрациялық

Көбірек

Мектеп оқушыларымен кездесті

Жұбанов университетінің пікірсайысшылары оқушыларды дебат қозғалысымен таныстыруды жалғастыруда. Бұл ретте "Zaman Bizdiki" клубы оқушылармен кездесу ұйымдастырып, оған қаланың барлық мектептерінің өкілдері қатысты. Кездесуде студенттер пікірталастың маңызды аспектілері мен американдық парламенттік пікірсайыс форматының ережелері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ олар ойынның құрылымын көрсетіп,  пікірталастың ерекшеліктері  туралы сөз қозғады. Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университетінде төрт жүзден

Көбірек

Өрт қауіпсіздігі — басты назарда

Бүгін университеттің Н.Байғанин атындағы оқу  ғимаратында өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Мұнда қаладағы №4 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жедел қимылдап, апаттың алдын алуға қабілетті екендіктерін көрсетті. Ғимараттағы қызметкерлер мен білім алушылар дабыл қосылғаннан кейін жылдам сыртқа шықты. Бұл олардың өрт болған жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтағандарын білдіреді. Олардың барлығы  ғимараттың арнайы жиналатын

Көбірек

Белсенді жастар марапатталды

Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген жастарды марапаттады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен студенттер қатысты. Ал аталған шараның өтуіне атсалысқандардың бірі — Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Хайдар Ілиясов. — Өткен жыл елімізде Волонтерлар жылы

Көбірек

Белсенді еріктілер марапатталды

Бүгін  Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» форумы өткізілді. Форум қорытынды жасап, жұртшылықты құқықтық тәртіпті қорғауға және қоғамда құқықбұзушылыққа «Нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға байланысты әрі қарайғы жоспарларды талқылайтын диалог алаңына айналды. Форумға өңір басшысы Оңдасын Оразалин, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат хатшылары, құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық

Көбірек

Планетарий шары студенттер танымын арттырды

Фесенков атындағы Астрофизика институтының физика-математика ғылымдарының кандидаты Виталий Ким Жұбанов университетінің студенттеріне дәріс оқыды. Физика-математика факультетінің студенттері Ақтөбе облыстық планетарийінде болып, Астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкерімен кездесу ұйымдастырды. Мұнда Виталий Ким Қазақстандағы астрономиялық зерттеулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облыстық планетарий базасында Жұбанов университетінің

Көбірек

1 қарашада магистратураға құжат қабылдау басталады

1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшаларында магистратура мен докторантураға түсу бойынша қабылданған шешім туралы жазды. «Енді оқуға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де,

Көбірек

Нобель фестивалі басталды

Бүгін үшінші Нобель фестивалі басталды. Алдағы күндері Нобель сыйлығының лауреаттары, экономика, білім, экология саласындағы әлемдік сарапшылар пікірталас алаңына жиналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық жобаға 200 университеттің өкілдері қатысады. Жұбанов университеті екінші жыл  фестивальдің серіктесі болып отыр. Фестиваль 4 күнге созылады. Түрлі бағыттар бойынша ашық сессиялар жоспарлануда.

Көбірек

Университет студенттері шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды

Жуырда Жұбанов университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды. Нақтылай кетсек, 2 және 3 курс студенттері семестрлік оқуын Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде, Польшаның Слупск қаласындағы Помор академиясында, сондай-ақ Қазан федералдық университетінде және Башқұрт мемлекеттік университетінде бастады. Университет студенттеріне жолға шығар алдында арнайы заңгермен, студенттік емхананың өкілдерімен және басқа

Көбірек