Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жастар саясаты (Страница 4)

Шетелдік студенттер Жұбанов университетінде біліктіліктерін арттырады

Жұбанов университетіне сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің бір топ студенттері келді. Білім алушыларға университет ғалымы Александр Перевезенцев "Академиялық жазу" курсы бойынша сабақ өткізді.  Сонымен қатар олар университеттің оқу ғимаратын аралап, ғылыми кітапхана, археология кабинеті және оқу аудиторияларымен танысты. Шетелдік студенттерге тарих факультетінің профессор-оқытушылары екі аптаға жуық дәрістер мен

Көбірек

Студенттерге оқуға жеңілдіктер берілді

Жұбанов университетінде студенттерге оқу ақысына 25 пайыздан 100 пайызға дейінгі жеңілдіктер беру бойынша сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Мұндай сертификаттарға әлеуметтік жағдайына байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен отбасылардан шыққан, сонымен қатар қазақстандық диаспораның өкілдері, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері, оқуда үздік үлгерім көрсетіп жүрген студенттер ие болды. Жиында

Көбірек

Студенттер Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тәжірибеден өтті

Қазіргі таңда әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Осының негізінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде "Металлургия" білім беру бағдарламасымен білім алып жатқан 4 курс студенттері “Казхром” ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының базасында тәжірибелік білімдерін жетілдіріп жүр. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген жұмыс орнында дағды

Көбірек

Ең тиімді мамандық

Орнай Жарасханова Экономика және құқық факультетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығын игеріп жатыр. Биыл 4 курста оқиды. Университетте білім ала жүріп, ғылыммен белсенді шұғылданатын студенттің бұл салада жетістігі көп. Ең маңызды жетістігі деп Орнай Ресейдің Орынбор мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен XІІ Халықаралық студенттер ғылыми олимпиадасында "Өңірдің еңбек нарығы және еңбек әлеуеті:

Көбірек

Республикалық волейболдан өткен турнирде Жұбанов университетінің командасы жүлделі орынға ие болды

4-8 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінен құралған ерлер құрама командалары арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Турнирге Алматы, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларынан келген құрама командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде Жұбанов университетінің командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар университет студенті Диас Әділханов "Үздік қорғаушы" номинациямен марапатталды.

Көбірек

Жұбанов университетінің жас көшбасшыларының кеңейтілген отырысы өтті

Бүгінгі Жұбанов университетінде Студенттік Парламенттің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Студенттік Парламенттің жаңа төрағасы Тэмуджин Сарсенов кіріспе сөз алып, 2022-2023 оқу жылында парламент атқарған жұмыстарға есеп берді. «Студенттік Парламент барлық қоғамдық бірлестіктердің басын біріктіріп, жастарды әлеуметтік жақтан қолдауда, жастар арасында моральды-психологиялық орта қалыптастыруда, студенттер өміріндегі маңызды мәселелерді ортаға салып, ұйымдастыру-басқару жұмыстарын дамытуда маңызды

Көбірек

Жұбанов университеті жастарына Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптары түсіндірілді

Бүгін Жұбанов университетінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Сәдуақасова жас мамандармен және білім алушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында академия директоры Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктері туралы айтып берді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде мемлекеттік қызмет саласын басқаруда жаңа буын басшыларға жол ашып, дамуға

Көбірек

Жұбанов университетінің студенттері «BigIdeasCamp-2023» жазғы кәсіпкерлік мектебінде грант жеңіп алды

Жұбанов университетінің бір топ студенттері «BigIdeasCamp-2023» жазғы кәсіпкерлік мектебіне қатысты. Кәсіпкерлік мектебінде қатысушыларға тренингтер, мастер-класстар, арнайы шақырылған спикерлердің, бизнес-тренерлер мен бизнесмендердің дәрістері, тәлімгерлермен жеке жұмыс және «отырып, орында» режимінде практикалық жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар олар өз бизнесін немесе стартап жобасын жүзеге асыру үшін грант алу мүмкіндігіне ие болды. Кәсіпкерлік мектебі байқауы нәтижесінде

Көбірек

Жұбанов университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін университет табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бірінші курс студенттері үшін маңызды күн. Жұбанов университетінің Білім алаңында өткізілген салтанатты жиын бірінші курс студенттерінің құрметіне арналды. Университет басшылығы Батыс өңіріндегі жетекші жоғары оқу орнын таңдап, сенім білдірген студенттерге алғыс білдірді. Айта кетейік, биыл Жұбанов университеті студенттерінің қатарын төрт мыңға жуық жас толықтырды. Олардың 1800-ден

Көбірек