Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Халықаралық байланыс (Страница 9)

Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі университетте болды

Бүгін Жұбанов университетіне Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі келді. Ку Хонг-сок университет басшылығымен және студенттермен кездесті. Ректор Лаура Қарабасова мейманды қарсы ала отырып, жоғары оқу орнындағы білім беруді дамыту перспективалары туралы айтып, IT, инженерия және техникалық бағыттар саласында мамандар даярлау бойынша Кореяның тәжірибесі университетті қызықтыратынын атап өтті. Университеттің әлемдік білім беру

Көбірек

Қазақстан мен Әзербайжан: Білім көпірі

Жұбанов университетіне Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы келді.  Эльмар Рагим оглы Маммадов жоғары оқу орнымен танысып, Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға қатысты. Екіжақты кездесу барысында ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров университеттің тарихы мен жетістіктері туралы айтып, бүгінде ол рейтингте тұрақты түрде жетекші орын алатын Батыс

Көбірек

18 студент Түркияда оқуға жолдама алды

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиететінің 2-3 курс студенттеріне шетелде білімін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осы жолы университеттің 18 студенті Түркияда білім алмақшы. «Түрік тілі» курсына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен студенттер Сакарья және Кастамону университтерінен шақырту алды.   Аружан СМАҒҰЛОВА kerekinfoaktobe@gmail.com Шевкет Өтен (түрік тілінің мұғалімі): Қазақстандық студенттерді түрік тілінде оқыту

Көбірек

Білімдерін Түркияда жалғастырады

Осы семестрде Литва, Ресей, Түркия, Италия және  тағы да басқа шетелдік жоғары оқу орындарында 60-тан астам Жұбанов жастары білім алатын болады. Жақында Жұбанов университетінің 18 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия еліне аттанды. Олар Сакария университеті және Кастамону университетінде оқу жылының екінші жартыжылдығында білімдерін шыңдайтын болады. Аталған жолдаманы университеттің жаратылыстану, тарих,

Көбірек

Италия, Латвия, Түркия және Польша педагогтары дәріс берді

Бірінші семестрде Жұбанов университетінің студенттері шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан дәріс алды. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі бюджет есебінен ұсынатын гранттардың арқасында мүмкін болды. Генуя университетінен Диана Спулбер (Италия), Балтық Халықаралық академиясынан Александр Машарский (Латвия), Гүмүшхане университетінен Жихангир Кызылозен (Түркия) және Быдгощ экономикалық университетінен Татьяна Скалий (Польша) экономика және құқық,

Көбірек

Әріптестік аясы нығаймақ

Жоғары оқу орнында бірлескен педагогикалық қызметті дамыту үшін Жұбанов университеті Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып келеді. Филология факультетінің ағылшын және неміс тілдері кафедрасы Online English Fellow Program бағдарламасы бойынша елшілік грантына екінші рет ие болып отыр. 7 ақпаннан бастап "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының студенттері американдық оқытушы Grace Davis-тен Virtual

Көбірек

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленді

Жұбанов университеті өкілдері шетелде оқуға мүмкіндік алды. Кәсіби даму және мансап орталығының жетекшісі Бақтыгүл Ертілеуова мен шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Ботагөз Керімбаева «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген 569 қазақстандықтың қатарынан табылды. Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде стипендия 569 қазақстандыққа тағайындалды. Оның ішінде 163 адам магистратураға, 4

Көбірек

Жұбанов университеті студенттері демалыс кезінде шетелде тәжірибесін шыңдай алады

Жұбанов университеті IAESTE қауымдастығының мүшесі болды. Техникалық тәжірибе алу үшін студенттер алмасуға арналған  халықаралық қауымдастық IAESTE Asbl ретінде кеңінен танымал. Association sans but lucratif - бұл академиялық, өнеркәсіптік және студенттік мүдделерді білдіретін ұлттық комитеттер ұйымы. Шетелдегі әлеуметтік және мәдениетаралық байланыстарға бағытталған кәсіби тағылымдамалар мен іс-шараларға 3500 студент, 3000 жұмыс беруші және

Көбірек

Халықаралық форум сыбайлас жемқорлықпен күреске арналды

Мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығы өте жоғары. Бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру үшін жемқорлықпен бүкіл халық болып күресу керек. Бұл орайда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін өткізілетін іс-шаралар, конференциялар мен форумдардың да алар орны ерекше. Бүгін 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне байланысты Жұбанов университетінде «Әділдік.Парасаттылық.Сенім

Көбірек