Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жастар саясаты (Страница 14)

Заңсыз ойын бизнесімен күрес

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті «Заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес және құқықбұзушылық түрлерінің алдын алу» тақырыбында кездесулер апталығын ұйымдастырды. Экономика және құқық факультетінің оқытушылары студенттерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы, құмар ойындарының салдары жөнінде сөз қозғалды. Кездесулер барысында отандық режиссер Қанат Бейсекеевтің "Легкие деньги/Ставки/Капперы/Блогеры/Пирамиды" тақырыбындағы деректі

Көбірек

Ректор облыс әкімінің атаулы стипендия иегерлерін құттықтады

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова облыс әкімінің  атаулы стипендиясын иеленген студенттерді құттықтады. Ол облыс әкімі карантиндік шараларға байланысты барлық стипендия иегерлерін қабылдай алмағандығын, жастарға жылы сәлемін жолдағанын жеткізді. «Сіздердей студенттермен мақтанамыз. Жаңалыққа жаны құмар, оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын жастарды қолдау – парызымыз. Сіздерге үлгілі тәрбие берген ата-аналарыңның рөлі

Көбірек

Ізгілікке ұмтылғандар

Облыстық жастар ресурстық орталығының мәліметінше, облыс көлемінде 161 волонтерлік топ жұмыс жасайды. Бұл топтарда 5000-ға жуық ерікті бар. Оның 63 пайызы — әйел, 37 пайызы — ер адамдар. Топтардың әрқайсысының өзінің атқаратын міндеттері мен бағыттары айқындалған. Мәселен, бірі қайырымдылық бағыттарымен айналысса, тағы бірі полиция қызметкерлеріне, басқасы экологтарға көмектеседі. Еріктілер қатары көбейіп келеді Қатарына

Көбірек

MMTalks: TAZA OI

Жұбанов университетінде "MMTalks: TAZA OI" форматында кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы идеяларды барынша қарапайым тілмен және қызықты етіп жеткізу болды. Іс-шараға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, университеттің "MidMar.community", "Parasattylyq mektebi", "Заман біздікі" жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы адалдық, әділдік және адамгершілік қағидаларын ұстану арқылы

Көбірек

Табиғатты қорғау – тазалықты сақтау

Zhubanov University еріктілері Дүниежүзілік тазалық күніне арналған "World Clean up day – 2021" экологиялық акциясына қатысты. Олар Ақтөбе су қоймасының жағасындағы қоқыстарды жинады. Бастамашы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы болды. «Экоарсу» қозғалысы еріктілерінің айтуынша, қала тазалығы мәселесіне келгенде олар шет қала алмапты. "Көптеген адамдар табиғатқа тұтынушылық көзқараспен қарап, жаһандық экологиялық проблемалар

Көбірек

Университет ректоры студенттік парламент мүшелерімен кездесті

Білім алумен қатар қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген студенттер тобы Жұбанов университетінің басшысы Лаура Қарабасовамен жүздесті. Олар - университеттің студенттік парламент мүшелері, университет жанынан құрылған клуб, үйірмелердің төрағалары, факультет сенаторлары. Жалындап тұрған жастармен өткен жылы жүздесу ашық әңгіме, еркін сырласу форматында өрбіді. Кездесуге келген әрбір жас өзін таныстырып, Жұбанов университетін

Көбірек

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ережелері түсіндірілді

Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне жаңадан іріктеу жүріп жатырғаны белгілі. Осы жобаны кеңінен түсіндіру мақсатында  Жұбанов университетінің «Мәңгілік ел» конференция залында университеттің жас мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге университет ректоры Лаура Қарабасова, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Сәдуақасова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер

Көбірек

«ZHUBANOV VOLLEYBALL» қайырымдылық турнирі өтті

Жаратылыстану факультетінің «ZHUBANOV VOLLEYBALL LEAGUE» студенттік клубы және университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттар арасында волейболдан қайырымдылық турнирі басталды. Қайырымдылық шарасы экономика және құқық факультетінің оқытушысы Айнұр Тукешоваға көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Турнирге барлығы 12 команда қатысады. Командалар арасындағы жарыс 3 күнге созылмақ.

Көбірек

Вакциналау және халық санағын жүргізу — маңызды міндет

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында жалпы халықты вакцинациялау және халық санағын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. ​Кездесу барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Алмагүл Айтқұлова, Ақтөбе қалалық №1 аурухана дәрігері Нұрлыгүл Қанымбаева және  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі

Көбірек