Четверг, Май 2, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 4)

ХІІ жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан университет командасы бірінші орын иеленді

Ақтау қаласында еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтіп жатқан ХІІ жазғы универсиадада тоғызқұмалақтан Жұбанов университетінің ерлер командасы бірінші орынды иеленді. Жекелей есепте кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері Алмас Тілегенов бірінші орынды иеленсе, Диас Жанбау және Баян Серікқызы үшінші орынды жеңіп алды. Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Ақтау қаласында өтіп

Көбірек

Университет студентінің жеке әні жарық көрді

Жұбанов университетінің «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Дана Раисованың «Олай болмайды» атты жеке әні жарық көрді. Жас әнші жеке әніне клип түсіріп, оның тұсаукесерін өткізді. Дана Раисова  университеттің қоғамдық және әлеуметтік өміріне араласып жүрген белсенді студенттердің бірі. Ол көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Атап өтсек, "Бозторғай" байқауының Гран-При иегері, Халықаралық "Азия

Көбірек

Университеттің жас ғалымдарының зерттеулері гранттық қаржыландыруға ие болды

Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» конкурсы бойынша қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Гүлмира Ермекбаеваның және магистр Жанар Мустафинаның ғылыми жобалары гранттық қаржыландыруға ие болды. Гүлмира Ермекбаеваның жобасының тақырыбы «Қазақстан Республикасының өңірлік жоғары оқу орнында болашақ педагогтерді оқытудың зерттеушілік моделін (RBL) енгізу» деп аталады. Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасы

Көбірек

Университет командасы бірінші орынды иеленді

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша Жұбанов университетінің командасы бірінші орынды иеленді. Айта кетейік, бұл аталған мамандықтың Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасындағы төртінші жеңісі. Енді олимпиада шарты бойынша келесі жылы «Арнайы педагогика» бойынша пәндік олимпиада Жұбанов университетінде өткізіледі. Команда құрамында төрт студент білімдерін сынады. Университет

Көбірек

Ораза айт құтты болсын!

Бүгін мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды. Ораза айт - қонақжайлылық пен мейірбандықтың, достық пен татулықтың мерекесі. Бұл күні мұсылман қауымы үйді-үйді аралап, мерекемен құттықтап, бір-біріне сыйлық жасайтын болған. Мейрам күні ата-анамызға, отбасымызға, балаларға, туыстарға сыйлық үйлестіру – сауапты әрі игі істерге жатады. Сонымен қатар Ораза айт кешірім жасайтын,

Көбірек

Университет ғалымдары Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының мүшелігіне сайланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысында Жұбанов университетінің «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры, профессор Қуанышбек Шүңкеев Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі атанса, орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, профессор Дәулет Сергеев академияның корреспондент-мүшесі болып сайланды. Ғалымдарды жетістігімен құттықтаймыз!  

Көбірек

Университет ғалымы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» төсбелгісімен марапатталды

Астана қаласында «Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлері» күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан өткізілген салтанатты мәжілісте Жұбанов университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ұзақбай Исмағұлов ұзақ жылғы қызметіндегі, ғылымдағы жетістіктері үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов табыс етті. Ұзақбай Исмағұлов - Жұбанов университетінде 33

Көбірек

Бүгін Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлерінің күні

2011 жылы елімізде Президенттің жарлығымен 12 сәуір «Ғылым қызметкерлерінің күні» ретінде бекітілді. 2012 жылдан бастап бұл дата жыл сайын ғылым саласы қызметкерлерінің төл мерекесі ретінде аталып келеді. Сонымен қатар бұл күн қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Қазіргі таңда ғылым адамзат тіршілігінің барлық

Көбірек

Ғалымға құрмет көрсетілді

Бүгін Жұбанов университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Константин Цхайға 80 жасқа толған мерейтойына орай лайықты құрмет көрсетті. Кеңейтілген мәжіліске Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжанов, университет ректоры Лаура Қарабасова, Ақтөбе облысы және қала әкімдігінің, облыстық білім басқармасының өкілдері, университет басшылығы,

Көбірек