Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 98)

Батыр есімі ұлықталды

Бүгін Жұбанов университетінде Есет Көкіұлының 355 жылдығына арналған «ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастарындағы Есет Көкіұлының тарихи рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, тарихшы ғалымдар мен студенттер қатысты. Конференцияда еліміздің түкпір-түкпірінен келген зиялы қауым өкілдері Есет батырдың 355 жылдығына арналған іс-шараға орай өз ойлары мен ұсыныстарын айтып,

Көбірек

Қазақстанның ректорлар кеңесі жұмысын жаңа форматта бастады

Қазақстан Республикасының ректорлар кеңесі жұмысын жаңа форматта бастады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен кеңес отырысында айтылды. ҚР Президентінің ғылым және жоғары білім саласындағы алға қойған міндеттері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша Қазақстанның ректорлар кеңесінің жұмысын жаңғырту арқылы еліміздің жоғары оқу орындарын қоғамдық басқару

Көбірек

Әдебиет майталмандары Ақтөбеге жиналды

Бүгін Жұбанов университетінде елімізге танымал қарымды қаламгерлер бас қосты. Олардың қатарында Тынымбай Қарин, Жақып Бауыржан, Ақұштап Бақтыгереева, Қасымхан Бегманов, Ілия Жақанов тағы басқалары бар. Республикалық «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдебиет форумы  биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Еліміздің атақты ақын-жазушылары, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, облыс әкімінің қатысуымен өткен отырыста әдебиет саласына қатысты атқарылған шаралар, алдағы

Көбірек

Орынгүл «Ақтөбе аруы» атанды

Байқау Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің 2-курс студенті Орынгүл Едіге «Ақтөбе аруы» атанды. Биыл 24-ші рет өткізіліп отырған сән байқауына өңірдегі бірқатар оқу орны студенттері қатысты. — Биылғы сән байқауы бұрынғылардан ерекше өтті. Танымал әншілер ән шырқады. Байқаудың хэдлайнері белгілі әнші Нұрболат Қанай болды. Қоюшы режиссер, хореограф Алекс Грэй Ташкенттен арнайы шақыртылды. Мамыр айынан бастап

Көбірек

Цифрландыру бағытында озық тәжірибелерді игерді

Астана қаласы Назарбаев университетінде жыл сайын өтетін VII Тіркеу офистерінің кездесуіне Жұбанов университетінің академиялық қызмет департаментінің директоры, тіркеу офисінің басшысы және IT мамандары қатысуда. Кездесуде еліміздің жоғары оқу орындарынан 300-ден астам өкілдері бас қосты. Жиында оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған бірнеше өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар дипломға қосымшаны әзірлеу барысында жобаларды басқару негіздерін

Көбірек

Python бағдарламалау тілін үйренуге арналған курс басталды

Университет Samsung компаниясынан Python бағдарламалау тілін үйренуге арналған білім беру бағдарламасын іске қосуда. Аталған курста білім алушылар ең қарапайым және танымал, болашағы зор бағдарламалау тілімен танысады. Samsung Innovation Campus - бұл болашақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша дағдыларын дамытуға ұмтылатын жастарға арналған жаһандық білім беру бағдарламасы. Курсты сәтті аяқтаған студенттер Samsung Electronics компаниясынан сертификаттар

Көбірек

Ізденгіш ұстаз, ғибратты ғалым еді…

Тағзым Уақыт керуеніне бөгет жоқ,  күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, күн, ай, тіпті жылдың да бірін-бірі қуалап өте шыққанын байқамай қалып жатамыз.Осындайда бір сәт өткенге ой жіберіп, осы өмір көшінде келместің кемесіне мініп, қайтпас сапарға аттанған талай жақсылар мен жақындарымызды еріксіз еске аламыз. Тағдырдың жазуы шығар, бұдан он бір жыл бұрын 49 жасында

Көбірек

Белсенді жастар бас қосты

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Ақтөбе-мүмкіндіктер мекені» тақырыбында белсенді жастардың форумы өтті. Іс-шараға қаламыздағы жоғары оқу орындарының білім алушылары, еріктілер, сондай-ақ, университетіміздің белсенді жастары қатысты. Облыс басшысы сөзінде жастар әлемдік аренадағы еліміздің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш екенін атап өтіп, әлемнің жарық жұлдызы Димаш Құдайберген, «RobiGroup» компаниясын құрып,

Көбірек

Білім алушылардың шәкіртақысы өсті

Білім алушылар үшін жаңа оқу жылы жағымды жаңалықпен басталды. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өсті. Атап айтар болсақ, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58800 мың теңге, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың

Көбірек